Жаз мезгілі – балалар үшін демалыс пен еркіндік маусымы. Алайда дәл осы кезеңде олардың қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдер де арта түседі. Әсіресе, терезеден құлау, от пен электр құралдарымен ойнау, жалғыз қалу сияқты жағдайлар қайғылы оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Маусымның өзекті мәселесі қала әкімінің қатысуымен өткен жиналыста сөз болды.