Этникалық төлтума мәдениетіміздің шырақшысы – қасиетті қара домбыра екенін ешкім жоққа шығармайды. Ұлттық саз аспабы – рухани санамызды жаңғыртуға жол ашатын, тарихымызды, халқымыздың ғасырлар безбеніндегі сан қырлы тағдырын баяндайтын, өткені мен бүгінін үндестіретін қайталанбас құндылық. Оны жас ұрпақ та жадына тоқып келеді. Тек түйсініп қоймай, саз аспабын сайрата білетіндер баршылық. Солардың қатарында ағайынды Контрабаевтар да бар.