Өңір колледждерінде 2025–2026 оқу жылына құжат қабылдау қарқынды жүріп жатыр. Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға ерекше басымдық берілген. Бір ғана Қостанай автомобиль көлігі колледжіне күн сайын 50-ге жуық талапкер келіп, құжат тапсыруда. Мамандардың айтуынша, техникалық қызмет көрсету, жол құрылысы және машина жасау салаларына қызығушылық артқан.