Мемлекет басшысы өз Жолдауларында білім беру саласына ерекше назар аударып, әсіресе өңірлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңартуды басты міндеттердің бірі ретінде айқындаған болатын. Осы тапсырма аясында бүгінде елімізде «Келешек мектебі» ұлттық жобасы қолға алынды. Ауылдар мен шағын қалаларда заманауи білім ошақтары бой көтеріп жатыр. Қостанай облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Солардың бірі – Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын ауылында салынып жатқан жаңа мектеп.