Президент тапсырмасы. Әулиекөл ауданында ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Биылғы жылдың өзінде төрт елді мекенге су құбыры тартылуда. Жоспар бойынша, жыл соңына дейін бұл жобалар толық аяқталып, аудан халқы толық орталықтандырылған таза ауызсу жүйесіне қосылады. Қазіргі таңда Көктал ауылында ауқымды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.