Қуатты өңірлер – ел дамуының негізгі тірегі. Бұл бағытта мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді шешуге кәсіпкерлер де үлес қосып жатыр. Қарабалық ауданындағы «Алмаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – солардың бірі. Тек өндіріспен айналысып қана қоймай, әлеуметтік жобаларға да көңіл бөліп келеді.