Тобыл қаласының тұрғыны күн көзінен энергия өндіріп, оны саудалап табыс тауып отыр. Бұл - өңірдегі алғашқы нетто тұтынушы. Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе кеңінен қолданылса, қоршаған ортаға орасан пайда әрі тоқты үнемдеп, артылған қуат көзін шетелге сатуға болады.