Қостанайлық қолөнер шеберлері ұлттық мұраны дәріптеуде тағы бір маңызды қадамға барып отыр. Олар қазақтың төл өнері - құрақ көрпені әлемге танытып, Гиннестің рекордтар кітабына енуді мақсат еткен. Осыған орай, шеберлер тобы Алматыға жол тартпақ. Қостанайлықтар оларды ерекше құрметпен, салтанатты түрде шығарып салды.