Балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін қолайлы жағдай жасау және ойын алаңдарын жаңарту. Қостанайда мемлекеттік қызметшілер балабақша аумағын абаттандыруға атсалысып жатыр. Бұл игі іс «Еріктілер кеңесі» тобының бастамасымен жүзеге асырылуда. Топ былтыр Департамент жанынан құрылған болатын.