Облыстағы жетекші шаруа қожалықтарының бірі, кәсіпкер Александр Бородин басқаратын ауыл шаруашылық құрылымы биылғы көктемгі дала жұмыстарын сәтті аяқтап, ағымдағы жұмыстарға үлкен әзірлікпен қадам басып отыр. Қожалық жоспарланған көлемде егін егіп, дән сіңіру науқанын уақытында толық тәмамдаған.