Бірінші шілдеден бастап Қостанай облысында газ бағасы өзгерді. Енді көгілдір отынның әр текше метрі 44,9 теңге тұрады. Бұл — бұрынғы бағадан жеті теңгеге қымбат. Баға өсімі тек Тобыл-Торғай өңірінде емес, республика бойынша күшіне енді. Жауаптылар мұндай шешімді газ тасымалы мен сақтау шығындарының артуымен байланыстырып отыр.