Бүгінде тұрғын үй құрылысы – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Қостанай облысында жыл басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны артып келеді. Биылғы бес айдың ішінде 179,5 мың шаршы метр, яғни 1 810 пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,5 пайыздық өсімді көрсетеді. Жалпы көлемнің басым бөлігі – көппәтерлі үйлерге тиесілі.