Ағымдағы жылдың алты айында «IKOMEK-109» қызметіне 31 080 өтініш келіп түскен. Оның 61,7 пайызы, яғни 19 165-і кеңестік сипаттағы сұрақтар болып, бірден шешімін тапты. Қазіргі таңда ахуалдық орталық қала инфрақұрылымын цифрлық бақылауға көшті. Тұрғындар өтініштері автоматты түрде сараланып, проблемалы аймақтар көрсетіледі.