Қостанай қаласында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті. Дәстүрлі шараға биыл 42 азамат пен ұйымдар өз идеяларын ұсынды. Жеңімпаз деп танылған 5 жоба иесіне 1 миллион теңгеден сертификаттар табысталды.