Торғай өңірінің түлеуіне тың мүмкіндіктер туып отыр. Облыстың оңтүстігіндегі аудан мен қала даму даңғылына бет алды. Қос өлкенің тұрғындары үшін қуанышты жаңалық - «Орталық-Батыс» көлік дәлізі құрылысының басталуы. Жазық далаға жаңадан жол салудың пайдасы облыс үшін орасан. Құрылыстың басталуына негізделген салтанатты іс-шараға ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пен өңір басшысы Құмар Ақсақалов арнайы қатысты. Арқалық қаласы мен Торғай ауылында тас жол төсеу жұмыстарына ресми түрде рұқсат берді.