Облыста KIA автокөліктерін шығаратын жаңа зауыт ресми түрде қазан айында ашылады. 1500-ге жуық адамды еңбекпен қамтуға мүмкіндік беретін ірі өндіріс ошағының құрылысы бүгінде 85 пайызға аяқталған. Инфрақұрылымды жеткізу шаралары да қарқынды жүріп жатыр. Қазірдің өзінде мұнда 500-ден аса адам жұмыс істеп жүр. Мамандарды оқыту үрдісі де жолға қойылған.