Жанға дауа, дертімізге шипа болардай ем беретін ақ халатты абзал жандардың кәсіби төл мерекелері Қостанай ауданында да аталып өтті. Қазіргі күні мұнда 638 дәрігер қызмет етеді. Кәсіби мерекесіне орай «Алтын дән» мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылып, саланың үздіктері марапатталды.