Қостанайда жағажайда ішімдік ішіп, суға шомылып жүрген екі ер адам айықтырғышқа жеткізілді. Ал, жалпы шомылу маусымы басталғаннан бері осындай 50 факті тіркеліп үлгерген. Полицейлер мен құтқарушылар рейд жүргізіп жатыр. Және қауіпсіздіктің алдын алуға бағытталған бұл шара күн сайын жалғасатынын ескертеді.