Облыста Қостанай-Рудный бағытындағы тас жол жаңғыртылып жатыр. Орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 31,5 шақырымға асфальт төселеді. Көлік қатынасын жақсартуға бағытталған ретке келтіру шараларын тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған. Республикалық маңызы бар жол құрылысымен облыс әкімі танысты.