Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының шығармашылық қоржыны тағы бір тың туындымен толықты. Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түн» трагедиясы сахналанды. Дәстүр мен махаббат, парыз бен сезім, ана жүрегі мен ел тағдырының арасындағы күресті баяндайтын бұл қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.