Федоровта жергілікті халықтың көптен күткен арманы орындалып, аудан орталығында жап- жаңа мешіт салтанатты түрде ашылды. Бұл – тек ғибадат үйі ғана емес, тұтас бір рухани бай орталыққа айналар киелі шаңырақ. Құдайға құлшылық қылар қасиетті нысанның ел игілігіне берілуі жастардың жат ағымдардан жырақ жүріп, дәстүлі діннің дамуына даңғыл жол ашпақ.