Сарыкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты қарқынмен ілгерілеп келеді. 2025 жылдың алғашқы бес айында аудан бюджеті 5,4 миллиард теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға төмен. Дегенмен ауданның өз кірісі артып отыр. Жеке түсімдер 852,6 миллион теңгені құрап, жоспар 103,8 пайызға орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде есеп берген аудан әкімі мәлім етті.