Жаздың ыстық күндерінде көптеген балалар да суға түсуге асығады. Су қоймаларына барған кезде, ата-аналар балаларын бақылаусыз қалдырмауы тиіс. Келеңсіз оқиғалардың алдын алу міндет. Осы жағдайға байланысты облыстағы ахуал қалай? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.