Жыл басынан бері Қостанайда 213 есірткі қылмысы тіркелген. Оның жартысына жуығы синтетикалық есірткі түрлерімен байланысты. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артық. Полицейлер, оған әсіресе жасөспірімдердің әуестігі артқанын айтып, дабыл қағуда. Күн тәртібіндегі өзекті тақырыптың бірі – есірткімен күреске полиция қызметкерлерімен қоса білім беру ұйымдары мен медицина саласының мамандары да атсалысып жүр.