Қостанайда халықаралық шахмат турнирі өтті. Оған 300-ден астам қатысушы жиналды. Бұл шара қостанайлық көрнекті шахматшы және шахмат теориясын дамытуға зор үлес қосқан Анатолий Уфимцевті еске алуға арналды. Оның ерекше ойнау әдісін бүгінде әлемнің көптеген гроссмейстерлері қолданады.