Биыл облыстық жазғы спартакиада Денисов ауданында өтеді. Өңір көлеміндегі ауқымды жарысқа қостанайлық спортшылардың дайындығы қызу. Бүгінде додаға қатысушыларды іріктеу кезеңі жалғасуда. Алдағы уақытта оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылады. Басты мақсат – спортшыларға барынша қолдау көрсетіп, командалық есепте үздік нәтиже көрсету.