Рәміздер күніне орай қостанайлық бір мың бала бір мезетте Әнұранды шырқады. Олар жұдырықтай жүректерінің тұсына оң қолдарын қойып, мемлекеттік әнұранды бар ынталарымен орындады. Жүздері бал-бұл жанған балалар өздерінің бақытты елдің ұланы екенін мақтан тұтып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін осылайша жеткізді.