Елде жас ұрпақтың жан-жақты дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше күтімді қажет ететін балалардың құқығын қорғау мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда дене шынықтырудың алар орны орасан. Кембағал балаларды спортпен қамту – олардың физикалық дамуы мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімінің артуына, өмірлік мақсаттарының қалыптасуына тікелей ықпал етеді.