Облыста шомылу маусымы мен өрт қауіпсіздігі кезеңі басталды. Осы тұрғыда оқыс оқиғаларға жол бермеу шаралары күшейтілді. Айтып келмейтін апаттың алдын алуға қатысты қандай қам-қарекеттер іске асады, сондай-ақ суда құтқару және орман, дала өртін сөндіруде нендей қиындықтар туындайтыны туралы әкімдікте өткен отырыста баяндалды.