Елімізде алғаш рет кең ауқымды «Қазақстан балалары» атты онкүндік өтті. Аптаның әр күні балалық шақтың маңызды тақырыптарына – қауіпсіздік, шығармашылық, білім беру және тағы басқа салаларға арналды. Осы ретте, Қостанайда «Кел, балалар, оқылық!» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада мектеп оқушыларына арналған үш томдық жинақтың тұсауы кесілді.