Рәміздер күні қарсаңында Қостанайға сәулетші, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері, көрнекті тұлға Жандарбек Мәлібеков келді. Сәулет өнерінің шебері Тобыл өңіріне жасаған сапарында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында болды. Мәртебелі мейманның келуіне орай академияда салтанатты жиын ұйымдастырылып, курсанттар мен офицерлер оны зор ықыласпен қарсы алды.