«Болашақ кэмп». Қостанай ауданы Заречный кентіндегі нөмірі бірінші мектеп жанынан жазғы балалар лагері есігін айқара ашты. Ол мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылды. Мерекелік флэшмоб ұйымдастырылып, оқушылар ұстаздарымен бірге әнұранды орындады.