Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінің ауласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Жүрек жылуына толы бұл күнде бүлдіршіндерге аниматорлар өнер көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етілді.