Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Бүгінгі ұрпақ – біздің болашағымыз. Мейірім мен шаттыққа толы мереке Жастар бульварында да кең ауқымда тойланды.