Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университетінің ұйымдастыруымен облыс орталығында қайырымдылық фестивалі өтті. Шарадан түскен қаражат мұқтаж жандарға берілді. Жақсылыққа толы бұл шара студенттердің биылғы оқу жылын аяқтауына орай ұйымдастырылып отыр. Фестиваль аясында жастар әсем ән орындап, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.