Жастар және «Жасыл ел». Бұл бағдарлама жыл сайын жаз мезгілінде еңбекке құлшынған жастардың басын қосып, жұмыспен қамтып келеді. Бос уақыттарын қызықты, әрі тиімді өткізуге ниет білдірген кейінгі толқын өкілдерінің қатары биыл да аз емес.