Олар түрлі байқауларда жүзден жүйрік атанып, облыс даңқын аспандатып жүр. Қостанайда ғылыми жобалардың жүлдегерлері, спортшылар және жас музыканттар марапатталды. Ең талантты, зерек және креативті оқушылар «Сен үздіксің» атты салтанатты шарада алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттарға ие болды.