31 мамыр күні «Жеңіс» саябағына жиналған қостанайлықтар биыл да дәстүрден жаңылған жоқ. Қолдарына гүл шоқтарын алып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған белгітастың алдына жиналды. Жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етіп, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы озбырлықтың ауыр салмағын тағы бір рет еске алды.