Тәртіп бар жерде – тыныштық, тыныштық бар жерде – халықтың әл-ауқаты артады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлттық құрылтайдағы сөзінде «Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз» деп атап өткен болатын. Осы екі құрылым аясында ел бейбіт, мемлекет тұрақты даму жолында. Осы орайда, Қостанайда облыстық полиция департаменті басшылығының қатысуымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.