Қостанайда 15 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың басым бөлігін әлеуметтік осал топтағы жандар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері құрайды. Осыдан бір апта бұрын тізім жергілікті атқарушы органнан «Отбасы банк» базасындағы платформаға өткен еді. Енді тұрғындарды кезекке қою, оларға баспананы үйлестіру сынды жұмыстарға аталмыш қаржы ұйымы жауапты.