Қостанай ауданында жеңіл атлетикадан бұқаралық ақпарат құралдары арасында жарыс өтті. Спорттық шараға Қазақстан журналистер одағының Қостанай облыстық филиалы мен «Арна нюст» газеті бастамашы болды. Журналистер салауатты өмір салтын насихаттап, 100 метр қашықтықта жүгіріп өтті.