Көктемгі дала жұмыстары қарқын алған тұста шегірткемен күрес қатаң бақылауда. Өңірде зиянкестерге қарсы 12 ауданда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов Арқалық қаласына арнайы барып, ахуалмен танысты. Ағымдағы жағдай талқыланып, бүріккіш қондырғылар мен химиялық өңдеу орындары тексерілді.