Сұрапыл соғыста өз есімін тарих тақтасына таңбалап кеткен батырлардың бейбіт заманда да алар орны айрықша. Бүгінгі ұрпақтың парызы – Отан үшін от кешкен оғландарды ұмытпау, ерлігін үлгі ету, ұлықтау. Жеңістің 80 жылдығына арналған тұрақты айдарымыздың бүгінгі кейіпкері: жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Сейітхан Нұрмұхамбетұлы Темірбаев.