Қыстың қақаған суығында да, көктемнің тосын мінезіне де қарамай, олар халық игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүр. Тәулігіне 24 сағат елді жылумен, сумен, жарықпен қамтамасыз етіп, қаланың тыныс-тіршілігін қалыпта ұстайды. Бүгін – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Күнтізбедегі елеулі дата аясында Қостанайда арнайы жиын өтті. Ашық микрофон форматында ұйымдастырылған іс-шара асында саладағы өзекті мәселелер талқыланды.