Заң - қоғамдық тәртіптің кепілі. Әсіресе, жастар үшін заңды білу -  қателіктерден сақтайтын қалқан. Қоғамда әділдік орнауы үшін әр адам жауапкершілік пен адалдықты серік етуі керек. Жол ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгеге құрметпен қарау - бұлардың бәрі заңға бағынудың қарапайым көріністері. Болашағыңды жарқын еткің келсе заңды біл әрі құрметте! Осындай мәнде Қостанайдағы Жоғары оқу орындарының бірінде жастарға арналған басқосу өтті.