Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған бұл құжат елдің негізгі заңы ретінде мемлекеттік биліктің негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайды. Үш онжылдық ішінде Конституция құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды қалыптастырудың берік іргетасына айналды. Соған орай Қостанай облыстық әділет департаменті өңірдегі білім шаңырақтарында арнайы дәріс өткізіп жатыр.