Тарих – халықтың жадындағы шежіре. Ол – ұлы тұлғалардың тағдыр-тағылымы арқылы ұрпақ санасына енетін мәңгілік сабақ. Осындай тұлғалардың бірі – ІІ дүниежүзілік  соғыс қаһарманы, қазақтың арда ұлы Сұлтан Баймағамбетов. Оның ерлігі – отаншылдықтың, батырлықтың һәм адамгершіліктің айғағы. Кеңес Одағының батыры - бүгінгі айдарымыздың басты кейіпкері.