Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тағылымды іс-шара өтті. Жиынға студенттер, кітапхана оқырмандары мен мәдениет саласының аға буын өкілдері қатысты. Олар саз саңлағының өмірі мен өнер жолына шолу жасап, шығармашылығының маңызын талқылады.