Аймақтың дарынды жастары «IT Skills» байқауында бас қосты. Бұл сайыс сайт жасау, робототехника және бейнемонтажға қызығатын оқушыларға арналған. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған шараға облыстың 9 ауданынан 36 оқушы қатысты. Байқау оқушылардың болашақта таңдаған кәсібіне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік бермек.