Ұлттық құрылтайда Президент Үкіметке Орталық-Батыс жолының құрылысын бастауды тапсырған еді. Астанамен Ырғызды байланыстыратын жаңа жолдың қашықтығы шамамен 790 шақырымды құрайды. Торғай өңірі арқылы өтеді. Инфрақұрылым жақсарса, кәсіп жанданады, жаңа жұмыс орындары ашылады, халық тұрақтайды. Шалғайдағы жұртшылықтың жаңа жолдан күтері көп.